«Мен өмірді сүйемін» атты психологиялық тренинг Арқалық қаласындағы №8 мектепте жоғары деңгейде өтті. Іс-шара мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушыларды өмірді толыққанды қабылдауға және бағалауға үйрету, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, сонымен қатар қуаныш пен алғыс сезімін дамытуға дағдыландыру.
Бұл шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Олар түрлі жаттығулар орындап, жақсы көңіл-күймен уақыт өткізді! Сондықтан да «Мен өмірді сүйемін» тренингі оқушыларда жақсы әсер қалдырып, үлкен тәрбиелік рөл атқарды!
Бұл туралы олар тренингтен кейін педагог-психолог өз әсерлерімен бөлісуді ұсынғанда айтып берді. Айта кету керек, барлық пікірлер тек жағымды болды! Мұндай тренингтер балалардың ішкі дүниесін байытып, өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыра түседі.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg