Ұзынкөл ауданының Пресногорьков жалпы орта мектебінде ұстаздар мен ата-аналар бірлесе отырып, жан-жақты дамыған, ақылды әрі дені сау ұрпақты қалай тәрбиелеу керектігін талқылады. Іс-шара Орталығымыздың «Отбасылық клуб» жобасы аясында өтті.
Айта кетейік, ата-аналар бұл кездесуге дайындық кезеңінде-ақ «Отбасымның өміріндегі спорт» атты фотокөрмеге материал ұсынып, салауатты өмір салтының маңызын өз үлгілерімен көрсетті.
Кездесу барысында педагог-психолог үйдегі жайлы эмоционалдық ахуалдың, қолдаудың, өзара түсіністік пен балалармен ашық қарым-қатынастың маңыздылығын айтып өтті.
Сонымен қатар, тәуелділіктің алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Компьютерлік тәуелділікті ерте кезеңде анықтау жолдары және оны болдырмаудағы отбасының рөлі жан-жақты қарастырылды.
Бұл тақырып ата-аналар үшін өте өзекті болғандықтан, пікірталас та қызу өтті. Балаларының цифрлық ортадағы қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына алаңдаған ата-аналар психологқа сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Айта кету керек, бұл кездесу өте пайдалы болды!