Облыстық орталығымыздың «Отбасылық клуб» жобасы және Амангелді ауданы Жалдама жалпы орта мектебіндегі ПҚ мектебінің қызметі аясында «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуді педагог-психолог М.А.Асқарова ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – балаларды қорғаудың негізгі аспектілерін талқылау:
интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық,
зиянды әдеттердің алдын алу,
буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
Жиын барысында «Менің баламның қызығушылықтары қандай?» атты тренинг пен «Қиын жағдайдан шығу жолын табайық!» атты кейс-әдісті қолдану арқылы практикалық тапсырма жүргізілді. Ата-аналардың белсенді қатысып, жаттығуларды орындау барысында өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдайларды бірге талқылап, тиімді шешу жолдарын табуы қуантарлық жағдай.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға балалармен сенімді қарым-қатынас орнатуға және отбасылық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған пайдалы ұсыныстар берілді.