Б. Майлин ауданының Киров жалпы орта мектебінде «Стоп буллинг» акциясы өтті Іс-шара Орталығымыздың «КодАктив: Жедел көмек бағдарламасы» антибуллинг жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсат – оқушылардың буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету стратегияларын үйрету және кез келген зорлық-зомбылық түріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Балалар:
буллинг дегеніміз не және оның салдары қандай;
егер сен құрбан, куәгер немесе агрессор болсаң, қалай әрекет ету керек;
қайдан және қалай құпия түрде көмек алуға болатыны (оның ішінде мектептің әр жеріне орналастырылған QR-кодтар арқылы) туралы білді.
Сондай-ақ 5–9-сынып оқушылары жеке қауіпсіздік пен жыныстық қол сұғылмаушылық мәселелері бойынша тренингтерге қатысты:
қауіпті жағдайларды қалай анықтау керек;
кімнен көмек сұрауға болады;
жеке шекараны сақтау не үшін маңызды.
Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, нақты өмірлік жағдайларды талқылады.
Буллингтің алдын алу – бұл барлығымыздың ортақ міндетіміз және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жасалған маңызды қадам!