Жангелді орта мектебінде педагог-психолог К.Ж. Утебаева 5–6 сынып оқушыларына арналған «Сыныптағы достық атмосферасы» атты қызықты да маңызды тренинг өткізді.
Іс-шара мектептегі Психологиялық қызмет пен облыстық «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты – балалар арасында жылы әрі құрметке негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты, адалдықты, қарым-қатынас жасау мен бір-бірін түсіну дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында оқушылар келесі қызықты жаттығуларға қатысты:
«Достыққа кім жылдам жетеді?»
«Достарға арналған ізгі тілектер»
Социометриялық әдіс «Достық»
«Көңілді шарды ұста» ойыны
Балалар белсенділік танытып, жылы лебіздерін білдіріп, күлкіге бөленіп, бір-біріне қолдау көрсетті. Шынайы, мейірімді, достық атмосфера орнады!
Мұндай жұмыс форматы ұжымды нығайтуға ғана емес, буллингтің алдын алудың тиімді жолы бола алады. Себебі достық пен түсіністікке толы сынып – әр бала үшін қауіпсіз ортаға айналады!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg