Бұл кездесу Перелескинский орта мектебінде мектепте жүргізілетін ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысы және облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға баланың кәсіби бағдарындағы маңызды рөлін ұғынуға көмектесу және ұл-қызының жеке ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге жағдай жасау.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалды:
баланың болашақ мамандығына деген қызығушылығын қалай дамытуға болады;
жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін ескеру не үшін маңызды;
баламен сенімді қарым-қатынасты қалай қалыптастыру керек;
отбасының эмоционалдық саулығын қалай қолдауға болады.
Кездесу барысында интерактивті жаттығулар, практикалық тапсырмалар мен пікірталастар болды. Барлығы жылы, достық атмосферада өтті. Ата-аналар белсенділік танытып, көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар – отбасындағы өзара түсіністікке және балаларымыздың табысты болашағына бастайтын маңызды қадам!