Сарыкөл ауданына қарасты Краснодон орта мектебінде ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсарту жолдары үйретілді. Сондай-ақ тренингтің мақсаты – ұжымды біріктіру болды. Іс-шара облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Педагог-психолог тарапынан келесі бағыттағы жаттығулар өткізілді: қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға арналған («Күлімде»), өзін-өзі талдау дағдыларын дамытуға бағытталған («Сөйлемді аяқта») және басқа да тапсырмалар.
Мұндай іс-шаралардың құндылығы – тек маңызды әрі дайын ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар бірлесіп әңгімелесуге, ортақ тақырыпта ой бөлісуге мүмкіндік беруінде. Өйткені күнделікті қарбаласта бұған әрдайым уақыт табыла бермейді!
Жақсы қарым-қатынас ата-аналар үшін де, балалар үшін де маңызды, ал тәрбиенің тиімділігі – өзара сенім мен құрмет болғанда артады. Сондықтан отбасылық бақыт – ортақ еңбектің нәтижесі!

 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg