Әулиекөл ауданына қарасты Көктал негізгі мектебінде педагог-психолог Г.А.Таипова біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы және Ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету орталығы аясында нәтижелі семинар-тренинг өткізді.
Кездесудің мақсаты – ата-аналарға баланың пікір еркіндігін қолдаудың, оның сыни ойлау қабілетін дамытудың және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызын көрсету.
Интерактивті түрде қатысушылар келесі жаттығулардан өтті:
«Мен бала болғанда…»
«Сіздің балаңыз не айтар еді?»
Ойландыратын тапсырмалар мен мінез-құлықты болжау
Ата-аналар өз естеліктерімен бөлісіп, ата-аналық мінез-құлқын саралап, баланың шынайы көзқарасын естуді үйренді.
Мен әрқашан ата-аналарға баланың пікірін баспай, қайта оны қолдау, ойлануға, таңдау жасауға және өз ойын айтуға үйрету маңызды екенін айтамын!
🤝 Семинар тәжірибе алмасу, ашық диалог және нақты пайда алаңына айналды. Қатысушылардың айтуынша, тек отбасы мен мектеп бірігіп әрекет еткенде ғана еркін ойлайтын, өз-өзіне сенімді тұлға тәрбиеленеді!