Осындай тренинг Жангелдин ауданы А. Нурманов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушыларына арнап ұйымдастырылды. Оны мектептің психолог маманы Ж.Ғ.Сарманова облыстық «Қазақстан – ортақ үйіміз» жобасы және мектептің психологиялық қызметі аясында өткізді.
Тренингтің мақсаты – сыныптағы оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту, ұжымдық бірлікті дамыту және тапсырмаларды бірге орындау қабілетін арттыру.
«Қыздыру» жаттығуы кезінде оқушылар белсенділік танытып, нағыз команда ретінде әрекет етті. Бірлескен жұмыс барысында олардың көңіл-күйлері де айтарлықтай жақсарды!
Осындай бағыттағы іс-шаралар қазіргі таңда ауадай қажет. Неліктен? Бұл сұраққа әрқайсыңыз өзіңіз де жауап бере аласыз деп ойлаймыз.
Әр адам өмірінің көп бөлігін ұжымда өткізеді: мектепте, жұмыста, отбасында. Иә, отбасы да – бір ұжым! Ал кез келген ұжымда өзін жайлы сезіну үшін ортақ тіл табыса білу, ымыраға келу және бірлесіп жұмыс істеу маңызды.
Мұғалімнің рөлі – бірлесіп еңбек етудің маңызын көрсету, істі орта жолда тастап кетудің дұрыс еместігін түсіндіру және достарын қиын жағдайда тастамау керектігін үйрету. Мықты достық, қарым-қатынас жасай білу және ұжымда жұмыс істеу – өмірді әлдеқайда мағыналы, қызықты әрі жеңіл етеді!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg