Денисов ауданы Глебов жалпы білім беретін мектебінде тәрбие жұмысы аясында педагог-психолог А.А.Экслер 5-сынып оқушыларымен «Сенім» атты тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – оқушыларда сенімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жауапкершілік пен өзара қолдауды қалыптастыру, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды нығайту болды.
Келесі ұғымдар талқыланды:
«сенім»,
«адалдық»,
«сенімділік».
Практикалық жаттығулар өткізілді:
«Құлап бара жатқан ағаш» – ұжымда сенім мен қауіпсіздік сезімін дамыту;
«Соқыр жетекші» – жауапкершілік пен серіктеске сенімді қалыптастыру;
«Сенімге негізделген ілтипат» – бір-бірін жағымды қабылдауды нығайту;
«Сенім көпірі» – қатысушылар арасында үйлесімділік, келісімділік және эмоциялық байланыс орнату.
Бұл жаттығулар балаларға достықтың, ынтымақтастық пен өзара көмектің негізі – сенім екенін түсінуге көмектесті. Оқушылар белсенді қатысып, өз өмірінен мысалдар келтіріп, әртүрлі жағдайдағы мінез-құлықты талдады.
Тренинг соңында «Сенім жылуы» әдісі арқылы рефлексия өткізілді: балалар қағаз жүрекшелерге кімге және не себепті сенетінін жазып, кейін бірігіп «Сенім плакатын» жасады.
Өткізілген іс-шара мектеп ортасындағы салауатты әрі қауіпсіз кеңістікті қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық тәжірибелердің өзектілігі мен тиімділігін көрсетті!