Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту және конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында Қарасу ауданы Айдарлы мектебінде оқушылардың ата-аналарына арналған «Ата-аналық – рөл және даму жолы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шара облыстық «Отбасылық клуб» жобасы мен мектептегі ата-аналарға арналған психологиялық қолдау орталығы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның міндеттері:
1. Ата-ана болудың қуанышы мен қиындықтарын талқылау;
2. Тәрбие берудегі жеке құндылықтарды түсіну;
3. Балалармен тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету;
4. Ата-аналардың сенімділігі мен жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар белсенді түрде тапсырмаларды орындап, ата-аналық тәжірибелерімен бөлісті. Ал «Менің ата-аналық ұстанымым» жаттығуы өз тәрбиелеу стилін сараптауға мүмкіндік берді.
Кездесу кері байланыс алумен, жадынамалар мен үй тапсырмаларын таратумен аяқталды.
Нәтижелері:
Қатысушылар ата-аналық рөлдерді бірлесе талдаудың пайдалы болғанын, балалармен қарым-қатынас жасаудың жаңа тәсілдеріне қызығушылық артқанын және осындай кездесулерге алдағы уақытта да қатысқысы келетінін атап өтті!