Біздің Орталық педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған офлайн және онлайн форматтағы ауқымды митаптар циклын сәтті жүзеге асырды. Оған 355 маман қатысты!
Митаптар циклын өткізудегі негізгі мақсат – психологиялық қызмет жұмысына қатысты өзекті мәселелермен таныстыру болды.
Біз психологиялық сүйемелдеу сапасына тікелей әсер ететін сұрақтарға ерекше назар аудардық.
Олар кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысының тиімді формаларына қатысты болды.
Сонымен қатар, психолог мамандардың мектеп әкімшілігімен, атап айтқанда, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен және әлеуметтік педагогтармен өзара әрекеттестігіне назар аударылды.
Мұндай бірлескен жұмыс білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіздік пен жайлы ортаны қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыру үшін аса қажет!
Офлайн және онлайн форматтағы митаптар циклын қорытындылай отырып, біз ұсынып отырған барлық ұсыныстар мен қажетті ақпараттар жергілікті деңгейде дұрыс қолданылып, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға үлес қосады деп сенеміз.