Балаларды буллингтен, зорлық-зомбылықтан және психологиялық жарақаттардан қалай қорғауға болады? Осы маңызды сұрақтарға жауапты Жангелдин ауданына қарасты Албарбөгет орта мектебінде 7–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге іздеді. Кездесуді мектептің педагог-психологы Сейдағали Г.Б. ұйымдастырды.
Тренинг тақырыптары:
Буллингті қалай дер кезінде байқап, алаңдатарлық белгілерді өткізіп алмау
Егер бала зорлық-зомбылыққа немесе агрессияға тап болса, не істеу керек
Жасөспіріммен күрделі сезімдер туралы қалай сөйлесу
Отбасы мен мектепте сенімді атмосфераны қалай құру
Баланың психикалық саулығын қолдаудың тиімді жолдары
Шара біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» жобасы аясында өтті және жасөспірімдер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды. Ата-аналар пайдалы ақпаратпен қатар, балаларына қолдау көрсетудің нақты құралдарын да алды.
Ашық диалог, шынайы эмоциялар, өмірден алынған мысалдар – бәрі де бұл шараны жылы, пайдалы әрі қажетті етті.
Қасында болу, тыңдау, түсіну – кейде дәл осы нәрселер жасөспірімнің өмірін жақсы жаққа өзгертуге себеп болады.