Қостанай облысы ББ Психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс өңірлік орталығы өңір тарихында теңдесі жоқ кәсіби байқаудың басталғанын қуана хабарлайды!
Байқаудың мақсаты – әдістемелік қолдаудың үздік тәжірибелерін анықтау және тарату, координаторлардың жүйелі жұмысын, олардың психологиялық қызмет пен тәрбиелік ортаны дамытуға қосқан үлесін көрсету.
Қатысушылар кімдер?
ӨОӘПҚОжТЖ-ның педагог-психологтарға өңірлік деңгейде әдістемелік көмек көрсететін желілік координаторлары.
Бағаланатын көрсеткіштер:
психологиялық қызметті жүйелі түрде сүйемелдеу;
білім бөлімдері және психологтармен өзара әрекет ету формалары мен мысалдары;
әдістемелік материалдар;
жоба бойынша нақты және уақытылы есеп беру;
іс-шараларға қатысу тәжірибесі және оны таныстыру.
Байқау кезеңдері:
I кезең: өтінімдер мен конкурс материалдарын қабылдау – 15 мамырдан 4 маусымға дейін;
II кезең: сырттай қарау – 4 маусымнан 31 шілдеге дейін;
III кезең: қорытынды шығару және марапаттау – тамыз айында.
Бұл байқау – тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларға шабыт беретін, желілік координаторлардың кәсіби өсуіне үлкен серпін беретін алаң. Бұл – өзіңізді көрсетуге, әріптестеріңіздің мойындауына ие болуға және өңірдегі психологиялық қолдау жүйесін дамытуға үлес қосуға мүмкіндік!
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Әрбір өтінім сіздің күш-жігеріңіздің, жауапкершілігіңіздің және мамандығыңызға деген сүйіспеншілігіңіздің көрінісі болсын!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg