Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы өңірлік орталығы облысымызда алғаш рет өтетін тағы бір ерекше байқауды жариялайды. Байқау мектептердегі психологиялық қызметті қадағалайтын үздік әдіскерлерді анықтауға және қолдауға бағытталған.
Байқаудың мақсаты:
Әдістемелік жұмыстың озық тәжірибесін анықтау және тарату.
Маманның кәсіби өсуін ынталандыру.
Облыс білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің беделін арттыру.
Қатысушылар кімдер?
Аймақтағы мектептерде психологиялық бағытқа жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері. Қатысушылар өздерінің психологиялық сүйемелдеу жүйесін ұсынып, мектептердегі психологиялық қызметтердің нәтижелері туралы баяндайды.
Байқаудың басты бағалау критерийлері – мектептердегі психологиялық қызметтердің білім беру ортасын жақсарту мен оқушыларды психологиялық қолдаудағы нәтижелілігі болады.
Байқау кезеңдері:
I кезең (өтініштер мен материалдарды қабылдау) – 19 мамырдан 11 маусымға дейін.
II кезең (сырттай) – 11 маусымнан 31 шілдеге дейін.
III кезең (бетпе-бет, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау) – тамыз айы.
Бұл байқау – кәсібилікті, шығармашылықты және жүйелі ойлауды көрсетуге тамаша мүмкіндік. Әрбір әдіскердің мансабында жарқын белес болатынына сенімдіміз! Белсенділік пен лайықты жеңіс тілейміз!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg