Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясында ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында «Бақытты ананың сырлары» атты жылы әрі шынайы тренинг өтті.
Бұл шараға оқушылардың аналары жиналып, сенім мен қолдауға толы, терең ой мен шынайы қарым-қатынас орнаған ортада кездесті.
Кездесудің мақсаты – әйелдерге өз ішкі дүниесіне үңілуге, аналық қуаныштың шынайы қайнар көздерін түсінуге және баламен саналы, жақын әрі сыйластыққа негізделген қарым-қатынас құруды үйрету.
Тренинг барысында аналар:
бақыттың өз-өзіңді қабылдаудан басталатынын;
эмоционалдық күйдің бала мен отбасы атмосферасына қалай әсер ететінін;
махаббат пен жеке шекара арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болатынын білді.
Бұл шара шынайы пікір алмасуға мүмкіндік берді. Аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті, шабыт пен жылулық алды.
Мұндай кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайтып, балалар махаббатқа, қамқорлық пен құрметке толы ортада өсуі үшін бірлесе әрекет ету қажеттігін еске салады!