Алтынсарин ауданының Приозерный мектебінде 9-сынып оқушыларына арналған «Салауатты өмірге қадам» атты маңызды сынып сағаты өтті. Іс-шара біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жай ғана денсаулық туралы айту емес, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға шабыттандыру болды.
Сабақтың басынан бастап оқушылар белсенділік танытып, денсаулықтың олар үшін не екенін, қандай әдеттер жақсы өмір сүруге көмектесетінін, ал қайсысы кедергі келтіретінін айтып, пікір алмасты.
Әсіресе топпен жұмыс жасау кезеңі ерекше есте қалды: зиянды әдеттерді талқылау, олармен күресу жолдарын ұсыну, шығармашылық танытып, ашық диалогқа шығу – бәрі балалардың қызығушылығын оятты. Салауатты өмір салтын таңдауға арналған бейнеролик те терең ой салып, шынайы пікірталасқа себеп болды.
Сабақ соңында әр оқушы өзінде бар бір зиянды әдетті пайдалы әдетке ауыстырып, арнайы карточкаға жазды – бұл жақсы өзгерістерге жасалған алғашқы қадам!
ҚОРЫТЫНДЫ: Денсаулық – жай ғана сөз емес, оны сақтау, нығайту және болашақ ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg