Кеше біз онлайн форматта кезекті ауқымды іс-шара – білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстағы психологиялық қызмет мамандарымен жұмыс кеңесін өткіздік. Қатысушылар саны да айтарлықтай көп болды – 1 800 маман: мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар.
Талқыланған мәселелер де аз болған жоқ. Ең алдымен, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында психологиялық қызмет пен тәрбие секторының жұмысын ықпалдастыру мәселесін қарастырдық. Себебі балалардың психологиялық амандығы – әрбір білім беру ұйымының және білім бөлімдерінің әдіскерлері жетекшілік ететін психологиялық қызметтердің басты мақсаты.
Кеңес барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және «Өркен» КЕАҚ әзірлеген диагностикалық әдістемелер жинағын күнделікті жұмыста қолдану қажеттігін тағы да еске салдым. Сонымен қатар, облыстағы психологиялық қызметтерді автоматтандырудың маңыздылығына тоқталдым.
Жұмыстық кеңес форматы проблемалық мәселелерді талқылауды көздейді. Бұл жолы да әріптестеріміздің ұсыныс-пікірлерін тыңдай отырып, оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықты ерте анықтау мен алдын алу, буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша нақты практикалық ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, облысымыздың әрбір өңірінде жұмыс істейтін орталықтың желілік координаторларының еңбегі атап өтілді. Олар мектеп психологтарына жобаларды іске асыруда, күрделі мәселелерді шешуде, балалар мен ата-аналарға кеңес беруде практикалық көмек көрсетуде.
Бүгінгі күні оқушылармен және олардың ата-аналарымен белсенді жұмыс жүргізу өте маңызды. Оларға Орталығымыздың қызметі мен білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтер жайлы айтып, қайда жүгінуге болатынын, кімнен көмек сұрауға болатынын жеткізу қажет. Кеңестің қатысушыларына біз дәл осы бағытты ұстану қажеттігін баса назар аудардық.