«Өмірге позитивті көзқарас. Релаксация және жайландыру» тақырыбындағы тренинг Қамысты ауданының Бестөбе жалпы білім беретін мектебінде өтті.
Бұл шара мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында мектеп психологының ұйымдастыруымен өткізілді.
Жасөспірімдік кезең – бұл қарқынды өзгерістер мен эмоционалдық толғаныстар уақыты. Сондықтан осы кезеңде оқушыларға өзін-өзі реттеу дағдыларын үйретіп, өмірге позитивті көзқарас қалыптастыру өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар:
ойлардың көңіл-күй мен мінез-құлыққа қалай әсер ететінін білді;
теріс көзқарастарды қолдаушы ойларға ауыстыруды үйренді;
тыныс алу релаксациясы мен бұлшық еттерді босаңсыту тәсілдерін меңгерді;
оқудағы және қарым-қатынастағы күйзелісті қалай жеңуге болатынын талқылады.
Балалар белсенді қатысты, өз ойларымен бөлісіп, жаттығуларды қызығушылықпен орындады. Тренинг соңындағы жымиған жүздер, босаңсыған иықтар мен жылы сөздер – оның пайдасын дәлелдеді.
Позитивті ойлау – жақсы әдетке айналсын!