Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектепте 3-4 сынып оқушыларына арналған «Мен жеңе аламын» атты тренинг өтті. Шара мектептің психологиялық қызметі және біздің Орталықтың «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Педагог-психологтардың басты мақсаты – балаларды қиындықтармен күресуге, өз эмоцияларын түсінуге және күрделі жағдайларда дұрыс шешім табуға үйрету болды.
Ойындар, пікірталастар және тәжірибелік жаттығулар арқылы балалар өз-өзіне сенімділікті нығайтып, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытты. Мысалы, «Өз-өзіне сенімді және сенімсіз мүсін» жаттығуы балаларға сенімділік – бұл ішкі күй ғана емес, сонымен қатар оны дене бітімі, тыныс алу және эмоцияны білдіру арқылы дамытуға болатынын ұғынуға көмектесті.
Тренинг соңында оқушылар «Менің ресурстарым» жаттығуын орындап, күрделі жағдайларда қолдау көрсететін ішкі және сыртқы ресурстарын анықтады, сондай-ақ өз күшіне деген сенімділікті арттырды.
Керемет сабақ! Мұндай тренингтер оқушыларға мықты, өзіне сенімді болуға және өзіне сенуді үйретеді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg