Облыстық «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» патриоттық және отбасылық тәрбие жобасы аясында Лисаков қаласы №6 мектебінде «Толеранттылық – бейбітшілікке жол» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: толерантты қарым-қатынас қалыптастыру.
Мектеп психологы сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Оқушыларға шамды шеңбер бойынша өткізіп, бір-біріне ең жарық әрі жақсы тілектерін білдіріп, күлімсіреуі қажет болды. Бұл жаттығуды талқылау барысында көптеген оқушылар сыныптастарына жақсы сөздер айтуды сирек жасайтынын мойындады. Одан кейін оқушылар «Жақсылық жаса» және «Жақсылыққа сен» атты бейнеролик көріп, жақсы іс тек өзінше пайда көруге емес, жүректен болуы керек деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, оқушылар «толеранттылық» сөзінің анықтамасын беріп, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді оқып, топтарда жұмыс істеді.
«Түймедақ» және «Алақан» жаттығулары балаларды өздерін және сыныптастарын бағалауға, басқаларда жақсы қасиеттерді көруге үйретті. «Бағдаршам» ойыны арқылы жасөспірімдер төзімді қарым-қатынас ережелерін пысықтады. Рефлексия кезеңінде «Жақсылық ағашы» жаттығуы жүргізілді, онда балалар жапырақшаларға жақсы істерді жазып, ағашқа жапсырды. Психолог сынып сағатын В. Осееваның сөздерімен аяқтады: «Әрқайсысыңда, балалар, керемет күш бар – ол сендердің сөздерің мен іс-әрекеттеріңнің күші».


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg