«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ

2025 жылғы «05» ақпан № 86

1 бұйрығына қосымша

20

 «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасының

ЕРЕЖЕСІ

(0 жылдан 2 жылға дейін педагог-психолог лауазымында жұмыс өтілі бар)

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасы (бұдан әрі-Жоба) 0 жылдан 2 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары кәсіптік білімі бар педагог-психологтардың біліктілігін арттыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кәсіби бірлестік, оның қызметі жас педагог-психологты қолдаудың тұтас жүйесін құруға, психологиялық бағыт бойынша әдістемелік көмек көрсетуге және Қостанай облысының білім беру ұйымдарында (мектептер, ТжКБ) жас педагог-психологтарды бекітуге бағытталған.

 

1.2. Осы Ереже жоба қызметінің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін айқындайды.

1.3. Жобаның қызметі ҚР Білім саласындағы қолданыстағы заңнамасына, нормативтік-құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

1.4. Жоба Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.

1.5. Осы Ереже жобаның мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын айқындайды.

1.6. Жобаның шешімдері Қостанай облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтары үшін ұсынымдық болып табылады.

  1. «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасы жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері

 

2.1. Мақсаты: жас педагог-психологтарды қолдау, дамыту, кәсіби қалыптастыру үшін жағдай жасау, психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыру.

2.2. Міндеттері:

- жас педагог-психологтарға оқу-тәрбие процесін психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

- жас педагог-психологтардың кәсіби қажеттіліктерін анықтау және оларды шешуге жәрдемдесу;

- жас педагогтерде мотивациялық, рефлексивті мәдениетті, кәсіби этиканы, көшбасшылық және коммуникация дағдыларын қалыптастыру;

-үздік тәжірибелерді тарату, өзін-өзі жүзеге асыру және педагог-психологтардың біліктілік санатын беру (растау) рәсіміне дайындық.

  1. «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасының оқытушылары мен қатысушылары

 

3.1. Жаттықтырушылар ретінде орталықтың тәжірибелі мамандары сабақ береді.

3.2. Жобаның қатысушылары 0 жылдан 2 жылға дейінгі педагог-психолог лауазымында жұмыс өтілі бар білім беру ұйымдарының (мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының) педагог-психологтары болып табылады.

  1. «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету

 

4.1. Жобаның жұмысын ұйымдастыруды және басшылықты Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ жүзеге асырады.

4.2. Аудандық / қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ТжКБ директорлары 0 жылдан 2 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар педагог-психологтарды жобаға қатысу үшін жібереді.

4.3. Жоба отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес әр түрлі форматта өткізіледі, мысалы: практикумдар, кейстерді талдау, онлайн режимде дербес тапсырмаларды орындау.

4.4. Жобаның жұмысын ұйымдастыру үшін мынадай құжаттама жүргізіледі:

  1. Жоба туралы ереже;
  2. Жобаның жұмыс жоспары;
  3. Жоба жұмысының қорытындысы бойынша талдау;
  4. Деректер банкі: сандық және сапалық құрамы (жас педагог - психологтар туралы деректер: жасы, білімі, мамандығы, жалпы, педагогикалық өтілі және т. б.);
  5. Қолданбалы материал (сауалнамалар, тесттер, жадынамалар, әдістемелік материал, ұсынымдар).

4.5. Жобаның нәтижесі ЖПМ қатысушыларын курстан кейінгі кешенді сүйемелдеу болады, оның ішінде алған білімдері мен оларды өз жұмысында қолдану тәжірибесімен бөлісе алатын семинарлар сериясы болады.

 

 

  1. «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасының қорытындысын шығару

 

5.1. Қорытынды шығару қорытынды сабақта жүргізіледі.

5.2. Қорытынды сабаққа педагог-психологтардың шығармашылық есебі, қатысушының сертификаттарын тапсыру кіреді.

5.3. Жобаның нәтижелері туралы ақпарат Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік  орталығы» КММ сайтында және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ сайтында орналастырылады.

5.4. Жобада оқуды аяқтағаннан кейін, оқуды табысты түрде аяқтап, аралық және қорытынды тестілеуден өткен педагог-психологтар электрондық сертификат алады.

 

 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg