Науырзым ОШ-ның педагог-психологы Б.М.Искакова 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Өмір бойы білім алу. Неліктен және қалай?» тақырыбында кездесу өткізді. Шара біздің орталықтың «Отбасы клубы» облыстық жобасы және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ұйымдастырылды. Жиналыстың мақсаты – балаларға білім алу және өзін-өзі дамытуда көмек көрсету.
Кездесу ақпараттық-талдамалық әңгіме форматында, тренинг элементтерімен өтті. Алдымен мектеп психологы мен сынып жетекшілері сөз алып, ата-аналарға арналған презентациялар көрсетілді. Сондай-ақ ата-аналарға арналған жаттығулар өткізілді. Жиын соңында «Жұмсақ шеңбер» тренингі ұйымдастырылды. Ата-аналарға балаға өзін-өзі дамыту туралы ақпарат берілді.
Қорытындылай келе, ата-аналар отбасы мен мектеп бірлесіп, балаларды тәрбиелеу мен білім беру ісінде әрекет етсе, күтілетін нәтиже міндетті түрде болатынына келісіп, ортақ пікірге келді.