Арқалық қаласының Қайыңды орта мектебінде педагог-психолог ата-аналарға "Жүрек жылуы"тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шара біздің орталықтың "Отбасы клубы" облыстық жобасы және ата-аналарды психологиялық қолдау орталығының қызметі аясында өтті.
Баланың тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл отбасына тиесілі. Сондықтан ата-ананың баланы жігерлендіріп, оны өзін-өзі дамытуға бағыттауы маңызды. Ата-аналарға баланың рухани тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы түсініктемелер берілді.
Тренинг барысында ата-аналар ойындарға белсенді қатысып, қызықты тапсырмаларды орындаған үш топқа бөлінді. Іс-шара жақсы деңгейде өтті. Соңында ата-аналарға отбасылық тәрбиенің кейбір мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.








