Облыстық «Қазақстан – біздің үйіміз» атты патриоттық және отбасылық тәрбие беру жобасы аясында Барвиновка орта мектебінің педагог-психологы Гузова А.А. «Қолдау сөздерінің күші» атты акция өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өздеріне және күш-жігерлеріне деген сенімдерін нығайту, сондай-ақ құрдастары арасында өзара қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Балаларға арнайы тақта ұсынылып, олар оған әртүрлі өмірлік жағдайларда көмек пен демеуді қажет ететін адамдарға арналған қолдау сөздерін жазды. Бұл жаттығу балаларға қиындықтарды жеңу мен айналасындағыларды қолдауда сөздің маңыздылығын түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, олар «Біз бірге – күшпіз» жаттығуын орындап, қиын жағдайлардан шығатын оң жақтарды табуды үйренді. Оқушыларға түрлі проблемалық жағдайлар ұсынылып, олардан стандартты емес және шығармашылық шешімдер табу талап етілді. Бұл жаттығу сыни ойлау қабілетін, командада жұмыс істеу және бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Акция барысында балалар белсенді түрде өз ойларымен және эмоцияларымен бөлісті. Іс-шара қолдау сөздері мен бірлескен күш-жігер кез келген қиындықтарды жеңуге көмектесетінін көрсетті. Акцияның мақсаты толықтай орындалды: оқушылар көптеген жағымды эмоциялар алып, өздеріне деген сенімдерін нығайтты және әрқашан айналасынан көмек пен қолдау табуға болатынын түсінді.