Құрметті ата-аналар! 14 ақпан күні сағат 18:30-да облысымыздың білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтеді. Жиналысқа мектептердің 5-11 сынып оқушыларының және колледждердің 1-4 курс студенттерінің ата-аналары шақырылады.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы буллингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету.
Осы тақырыптың өзектілігін ескере отырып, біздің Орталық мамандары ата-аналар жиналысына әдістемелік материалдар әзірледі: ұсыныстар, теориялық және практикалық бөлімдер, бейнероликтер, буклеттер, жадынамалар.
Біз аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің негізгі себептері мен белгілерін қарастыруды, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты талқылауды ұсынамыз. Сонымен қатар, балаңызды барлық өсу кезеңінде қалай қолдау керектігі, өмірлік төзімділік пен күйзеліске қарсы тұру қабілетін қалай қалыптастыру керектігі жөнінде нақты кеңестер беріледі. Сондай-ақ, ата-аналарға отбасылық тәрбие, буллингтің, суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жадынамалар мен ақпараттық материалдар ұсынылады.
Маңызды шараны өткізіп алмаңыздар!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg