Қамысты аудандық № мектебінде өте қызықты сынып сағаты өтті. 5–11 сынып оқушылары өмірдің құндылығы, өміршеңдік туралы ой бөлісіп, өмірдегі тіпті кішкентай жеңістердің маңыздылығын түсінуге көмектесетін жаттығулар орындады!
Іс-шара біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың өміршеңдігін, күйзеліске төзімділігін, позитивті өзін-өзі тануын және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету болды.
Тақырыпты талқылау барысында маңызды ойлар айтылды: «Өмір – жай күндер тізбегі емес, қуанышқа, сынақтарға және кішкентай жеңістерге толы керемет саяхат! Біз жиі алға ұмтылып, айналамыздағы сұлулықты байқамай қаламыз… Бірақ сәл ғана тоқтап, терең тыныстасаң – бұл әлемнің қаншалықты ғажап екенін сезінесің!»
Шынымен де, өмір – керемет, ал біз – оның ажырамас бөлшегіміз!