Осы тақырып аясындағы ата-аналар жиналысы Науырзым жалпы орта мектебінде өтті. Оны педагог-психолог Б.М. Искaкова біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.
Жеке қауіпсіздік дегеніміз не? Баланы қауіпсіздік ережелеріне қалай үйретуге болады? Ата-аналар осы және басқа да маңызды сұрақтарға жауапты психологпен бірге іздеді.
Жалпы, көп тақырыптар қозғалды. Ата-аналарға интернеттің қауіптері туралы және баланы интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет етуге қалай үйрету керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, дағдарыстық жағдайларда: өрт кезінде, төтенше жағдайларда, зорлық-зомбылық қаупі туындағанда не істеу керектігі туралы әрекет алгоритмі еске салынды. Мұндай ақпарат мектепте балаларға үнемі түсіндіріледі, бірақ ата-аналар үшін де бұл білім аса қажет.
Қатысушылар қандай қорытындыға келді? Ең дұрысы – балалардың қауіпсіздігі – бұл өмірлік маңызды мәселе, ол үнемі ата-ананың бақылауында болуы тиіс!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg