Оқушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоциялар тудыру, бір-біріне деген мейірімділік пен достықты нығайту мақсатында Аманқарағай мектебінің педагог-психологы М.Б. Айсенова Әулиекөл ауданы оқушыларына арналған «Көңілді кемпірқосақ» атты тренинг өткізді.
Іс-шара мектептің Психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Олар бір-біріне жылы сөздер айтып, шығармашылық тапсырмаларды бірге орындады. Тренинг соңында әр оқушы өз «көңілді кемпірқосағын» салып, оны сыныпта іліп қойды.
Бұл психологиялық сабақ оқушыларға қатты ұнағанын елестету қиын емес! Біріншіден, олардың көңіл-күйі көтерілді, екіншіден, бірлесіп жұмыс істеу сыныптағы жақсы қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етті.
Ең бастысы – оқушылар белсенділік танытып, бір-бірін қолдап, өзара құрмет пен достықтың маңыздылығын түсінді. Осындай тренингтер оқушылардың эмоциялық дамуына оң әсер етіп, сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартады!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg