Сарыкөл ауданындағы Б.Өтетілеуов атындағы негізгі орта мектебінде біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг өтті. Іс-шараны мектептің психологиялық қызметі ұйымдастырды.
Оның мақсаты ерекше болды – ата-аналарға өздерінің «Менің» ана немесе әке ретіндегі рөлінде тереңірек түсінуге, өзін-өзі талдау дағдыларын дамытуға, балалармен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және қарым-қатынасты қиындықтары мен қуанышы бар өмір жолы ретінде қабылдауға көмектесу.
Ата-аналарға өздерінің ата-ана ретіндегі мықты және әлсіз жақтарын ой елегінен өткізуге, тәрбиелеудегі ішкі ресурстарын табуға, бір-бірін тыңдап, түсінуге мүмкіндік берген жаттығулар ұсынылды.
Әңгіме шынайы әрі әсерлі өтті: аналар мен әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, балалармен қарым-қатынасты талқылап, баланың мінез-құлқының әртүрлі қырларын қабылдауды үйренді. Соңында әрқайсысына пайдалы кеңестер жазылған жадынамалар табысталды: «Балаңды тыңдап, түсінуді қалай үйренуге болады», «Балаға уайымын жеңуге қалай көмектесуге болады».
Ата-аналардың ортақ түйген ойы қарапайым әрі дана: ең бастысы – біз балаларымызға күн сайын сыйлайтын махаббат, қамқорлық пен жан жылуы!