Суворов жалпы білім беретін мектебінде балаларға өз эмоцияларын түсінуге, жақсы көңіл күймен бөлісуге және қуанышқа бөленуге көмектесуді мақсат еткен өте тиімді тренинг өтті.
Тренинг барысында болған қызықты сәттер:
«Бақытты тілектер қабырғасы» – оқушылар бір-біріне жылы сөздер жазып, сенім мен қолдау атмосферасын құрды.
«Көңіл-күйімнің түсі» – әр бала ішкі жағдайын бейнелейтін түсті таңдап, оны сурет арқылы жеткізді.
«Бақыт жіптері» – оқушыларды бақытты ететін нәрселерімен бөлісіп, жіптерді біріктіріп, ортақ «бақыт суретін» жасады.
Соңында кері байланыс шеңбері ұйымдастырылды: қатысушылар мұндай жаттығулардың өзін жақсырақ түсінуге, қарапайым қуаныштарды бағалауға және бақытты өзгелермен бөлісуді үйрететінін айтты.
Тренингтің атмосферасы тағы бір рет дәлелдеді: жақсы көңіл-күйді бірге жасауға болады!