М. Әуезов атындағы №5 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалын арттыру, балаға деген қарым-қатынасты жақсарту және тәрбиедегі отбасының рөлін айқындау.
Біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде түрлі қызықты тренингтер мен ойындар өткізілді:
«Киіз үй» тренингі
«Мен үшін қымбат…» және «Бала деген кім?» атты ойтолғаулар
«Жүректен шыққан жылы сөз», «Мейірім шуағы» жаттығулары
«Теріс қылықтар» мен «Жақсы қасиеттер» тақырыбында пікірталас
Ситуациялық сұрақтар, белсенді ойындар және «Тілек шамы» жаттығуы
Оқушылардың ата-аналары тапсырмаларды ықыласпен орындап, өзара пікірлесіп, барлығын толғандыратын мәселені – балаға дұрыс қарым-қатынас жасауды талқылады.
Мұндай кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg