Дружба мектебінің педагог-психологы Г.Д.Кударбекова жаңа оқу жылын оқушылар мен олардың ата-аналарымен танысудан бастады.
Негізгі идея – алғашқы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау, балаларға психологтың – көмегіне жүгінуге болатын, оларға қызықты уақыт сыйлайтын мейірімді ересек екенін көрсету. Ал ересектерге – педагог-психологтың миссиясы мен жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіру.
Олар: психологиялық диагностика, жеке және топтық кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстары, оқу мен мінез-құлықтағы қиындықтардың алдын алу, ата-аналарға арналған ағартушылық жұмыстар.
Ата-аналармен әңгімелесу барысында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді. Ол үшін сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Дәл осы бағытта мектепте жүйелі жұмыс жүргізілуде.