Бүгін біздің Орталық онлайн-форматта ауқымды кеңес өткізіп, оған облыс бойынша 5000-нан астам маман қатысты! Жиынға қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің психолог мамандарға жетекшілік ететін басшылары мен әдіскерлері, ӨПҚОӘОжТЖ-ның желілік үйлестірушілері, ТжКББ ұйымдары мен арнайы мекемелердің педагог-психологтары қатысты.
Кездесудің негізгі мәселелері:
2024–2025 оқу жылының қорытындылары.
Мен Орталықтың барлық бағыттағы міндеттерін табысты орындауы нәтижеліліктің маңызды көрсеткіші болғанын атап өттім.
Қызметтің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.
Қатысушыларға білім беру ұйымдарындағы психологтардың қызметін реттейтін құжаттардың өзекті тізімі ұсынылды.
Маңызды жаңалық: енді психологиялық қызметтер «психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» (ППҚҚ) деп аталатын болады. Олардың міндеттері кеңейіп, білім алушыларды қолдау білім берудің барлық деңгейін қамтитын болады.
Тәрбиелік жұмыс.
Жаңа оқу жылынан бастап «Адал азамат» бағдарламасы іске қосылды, ол «Біртұтас тәрбие» дәстүрін жалғастырады.
Қазақстандағы барлық мектептер мен колледждерде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен буллингтің алдын алу бойынша «ДосболLIKE» кең ауқымды бағдарламасы іске қосылады.
Бұл бастама оқушылар арасындағы жанжалдарды азайтып, оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.
Суицидтің алдын алу.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында тоқсан сайын сауалнама жүргізу жалғасатыны айтылды.
I тоқсанда сауалнама ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен әдістемелер негізінде АСППМ «HR+» платформасында өтеді.
Негізгі мақсат – балалардың мазасыз жағдайларын дер кезінде анықтап, қажетті көмек көрсету.
Профилактикалық жұмыс әрбір балаға көңіл бөлуден басталады! Мазасыздық сигналдарын дер кезінде анықтау – депрессия мен суицидтік ойлардың алдын алудың кілті.
Біздің Орталық мектеп психологтарына сенімді тірек болатын әдістемелік ұсынымдар дайындады. Бұл құжаттар білім алушыларды сүйемелдеу жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, кеңес тәжірибе алмасудың, жаңалықтарды талқылаудың және балалар мен жастардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуде бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастырудың алаңына айналды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg