Алтынсарин ауданының Сатай мектебінде педагог-психолог А.А. Сейдахметова ұйымдастырған «Отбасылық клуб» жобасы аясында жылы да шуақты «Көңілді отбасы» акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – қолайлы атмосфера қалыптастыру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасында сенім мен түсіністікті дамыту.
Шарттардың бірі – өз отбасының ерекше фотосын жасау болды. Қатысушылар бұл тапсырманы тамаша орындап шықты: демалыс кезінде де ата-аналар мен балалар жарқын әрі креативті суреттерімен бөлісіп, акцияны нағыз фото-челленджге айналдырды!
Сонымен қатар, Қостанай қаласына жасалған қызықты сапар барлық қатысушыларға мол қуаныш сыйлады.
Ең бастысы, ата-аналар мен балалар атап өткендей – бұл акция сенім мен ашықтыққа толы жылы атмосфера сыйлады.
Отбасы – қуаныштың, қолдаудың және махаббаттың қайнар көзі. Осындай іс-шаралар оны одан әрі нығайта түседі!