Мектептегі алғашқы айлар – бірінші сынып оқушылары үшін өте маңызды әрі ерекше кезең. Жаңа ережелер, жаңа адамдар, жаңа міндеттер – мұның бәріне бейімделу қажет. Сондықтан да педагог-психологтар бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөліп, олардың жаңа рөлге үйренуіне көмектеседі.
Науырзым ауданының Өлеңді мектебінде педагог-психолог А.Т. Досмағанбетова тренинг өткізді. Оның мақсаты – балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сенім атмосферасын қалыптастыру арқылы олардың эмоционалдық жағдайын реттеуге ықпал ету.
Өйткені әр бала әртүрлі: бірі ұяң да тыныш, бірі белсенді әрі шулы. Ал психологтың міндеті – әрқайсысына өз орнын табуға көмектесу, жаңа жағдайға тез бейімделуге жәрдемдесу және мектеп өмірінің тек оқу ғана емес, сонымен қатар қызықты да қуанышты саяхат екенін сезіндіру!
Ересектердің қолдауы дәл осы кезеңде аса маңызды, себебі сол қолдау мектептегі алғашқы қадамдарды жеңіл де сенімді етеді!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg