Балаларда интернетке тәуелділік неге тез қалыптасады? Бала сізге сенуі үшін онымен қалай сөйлесу керек? Осы және басқа да сұрақтарға 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына Жангелдин ауданы А. Қонқабаев атындағы орта мектепте өткен тренинг барысында жауап беруге тырысты.
Цифрлық қауіпсіздік тақырыбын білім беру ұйымдарының педагог-психологтары бекер көтеріп отырған жоқ!
Интернеттегі бала – бейтаныс қаладағы саяхатшы іспетті. Ол таңғажайып орындарды табуы мүмкін, бірақ карта мен ережесіз оңай адасып кетеді. Желіде кездесетін бейтаныс адамдар әрдайым өзін көрсеткендей бола бермейді. Жарқыраған сілтемелер қауіпті контентке алып баруы мүмкін. Ал «жай ғана» жарияланған жеке деректер кейін үлкен мәселелерге әкелуі ықтимал…
Мұны ата-аналар түсінуі тиіс. Және мектеппен қатар балаларға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын тыйым мен қорқыныш арқылы емес, саналы көзқарас пен сенім негізінде қалыптастыруы қажет.
Балаларға мынаны үйрету маңызды:
жеке ақпаратпен бөліспеу;
көргені мен оқығанына сыни тұрғыда қарау;
мазасыз жағдайлар туралы ересектерге хабарлау;
интернетте де шынайы өмірдегідей сыйластық пен жауапкершілік ережелері бар екенін есте сақтау.
Бұл жерде ересектердің жеке үлгісі де ерекше рөл атқарады. Не айтып тұрғанымды түсініп отырсыз. Сондай-ақ сабырлы диалог пен тыңдай білуге дайындық – қатаң бақылаудан әлдеқайда тиімді! Бала өзін айыптамайтынын білгенде, көмек сұрауға да батылы жетеді.
Интернет дұрыс пайдалануды үйренсең – нағыз досқа айнала алады. Ал біздің міндетіміз – балаларға цифрлық әлемнен қорықпай, онда сенімді әрі қауіпсіз бағдар табуға көмектесу 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg