Көктал орта мектебінің педагог-психологы Гүлжан Алданқызы Таипова жуырда оқушыларға арналған эмоционалдық саулықты нығайтуға және мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған екі маңызды сабақ өткізді.
1–9 сынып оқушылары үшін сабақ ойын түрінде ұйымдастырылып, балалар қарапайым әрі қолжетімді тыныс алу жаттығуларымен танысты. Барлық жаттығулар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды: жарқын көрнекі бейнелер, ойын элементтері және оңай есте сақталатын қысқа жаттығулар қолданылды.
Мұндай жұмыс түрі оқушыларға:
эмоциялық кернеуді азайтуға
көңіл күйді жақсартуға
өз денсаулығына қамқорлық жасауға қызығушылықты арттыруға
көмектесті.
Ал түлектер үшін «Алма сенім шеңбері» атты топты ұйыстыруға бағытталған тренинг өткізілді. Оның басты мақсаты – ҰБТ-ға дайындықтың жауапты кезеңінде түлектер арасында сенімді қарым-қатынас пен жағымды өзара әрекеттестікті дамыту.
Тренинг барысында алма бірлік, қолдау және ортақ жауапкершіліктің символына айналды. Арнайы жаттығулар арқылы қатысушылар:
бірлесіп әрекет етуге және бір-бірін тыңдауға
өзара қолдау көрсетуге
ұжымда өздерін сенімді сезінуге
үйренді.
Өткізілген тренинг 11-сынып оқушылары арасында тұлғааралық байланысты нығайтуға, сенім деңгейін арттыруға және ұжымды біріктіруге, сондай-ақ алдағы сынақтарды бірге еңсеруге оң психологиялық дайындық қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай сабақтар – тек табысты оқушыларды ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан тұрақты, өзіне сенімді жас ұрпақты тәрбиелеуге қосылған маңызды үлес!








