Қостанай ауданына қарасты Мәскеу орта мектебінде оқушылардың аналарына арналған өте жылы әрі дәмді мерекелік іс-шара өтті. Оның басты мақсаты – шексіз махаббаты, қамқорлығы мен төзімі үшін аналарға өзгеше форматта шынайы «рақмет» айту
Әріптестердің айтуынша, мереке қызықты өтті. Аналар өздерінің ең дәмді тағамдарын ала келіп, байқау барысында түрлі бутербродтар да дайындады. Соның нәтижесінде мерекелік дастархан мол әрі берекелі болды.
Көңілді байқаулар мерекенің ажарын аша түсті. Күлкі, жымиған жылы жүздер, көтеріңкі көңіл күй іс-шара бойы үзілген жоқ!
Мұның бәрі, әрине, керемет. Алайда бұл шараның ең басты құндылығы – балаларға өз аналарына деген сүйіспеншілігі мен алғысын тағы бір мәрте білдіруге мүмкіндік беруі, ал аналар үшін – демалып, еркін әңгімелесіп, қуанышпен бөлісіп, жағымды эмоция алуы
Осындай кездесулер бізге ананың – отбасының жүрегі, жылу мен шабыттың қайнар көзі екенін еске салады. Үйдегі ахуал, көбіне, ананың көңіл күйі мен ішкі жан дүниесінің тепе-теңдігіне байланысты.
Алайда бала тәрбиесі, үй шаруасы, жұмыс, әр отбасы мүшесі үшін алаңдау – мұның бәрі үлкен эмоциялық күш-қуатты талап етеді. Сондықтан аналарға, эмоциялық сергіп алу аса қажет.
Ананың ішкі қуаты толы болғанда, ол сол жылуды айналасына таратады. Оны қолдап, тыңдап, бағалаған кезде ана тіпті де мықты бола түседі. Ал бұл – балалардың да, бүкіл отбасының да бақытты болуының кепілі. Күлімдеген ана – тірек, сенім және әрдайым оралғың келетін үйдің жылулығы!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg