Біз әдетте эмоциялық интеллектті дамытуға арналған психологиялық сабақтар туралы айтамыз. Көбіне бұл — оқушыларға арналған тренингтер, ал сирек жағдайда педагог-психологтардың ата-аналармен кездесулері. Алайда Жітіқара ауданының Пригородный жалпы білім беретін мектебінде бұдан да жақсы дүние жасады
Эмоциялық интеллектті, эмпатияны және саналы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушылары — балалар, ата-аналар және педагогтер бой көрсетті!
Маңызды дағдыларды дамыту «Мен көремін, мен сеземін, мен шешім қабылдаймын» атты интеллектуалдық-психологиялық ойын форматында өтті. Келісесіздер ғой, ойын — әрдайым қызықты, тартымды әрі адамдарды шын мәнінде біріктіретін тәсіл!
Командалар келесі дағдыларды дамытуға көмектескен тапсырмаларды орындады:
өзгенің эмоциясы мен сезімін тереңірек түсіну,
әртүрлі көзқарастарды тыңдап, қабылдау,
күрделі жағдайларда конструктивті шешім табу,
өзара қолдау көрсету.
Ең бастысы — сенім, ынтымақтастық, өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауапкершілік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді!
Шараның қорытындысы өте әсерлі болды. Қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін арнады:
«Балаларға – ересектерден»
«Ата-аналарға – балалардан»
«Мұғалімдерге – балалардан»
Жүрекке жеткен бұл жолдаулар балалар, ата-аналар мен педагогтер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сенімді арттыруға және серіктестік қарым-қатынасты дамытуға жасалған тағы бір маңызды қадам болды!








