Амангелді ауданының Жасбуын мектебінде де жақында ата-аналармен жасөспірімдерді қолдау және оларды зорлықтан қорғау тақырыбы бойынша кездесу өтті.
Педагог-психолог Жұлдызай Нұрғали ересектерге жасөспірімдік кезең — өзін іздеу, жеке шекараны қалыптастыру және құрметке деген жоғары қажеттілік кезеңі екенін түсіндірді.
Алайда ата-аналар кейде баласын қорғағысы немесе дұрыс бағыттағысы келіп, байқамай оның жеке шекарасын бұзып алады. Сондықтан сенім мен құрмет туралы әңгіме кез келген зорлық түрінің алдын алуда — физикалық, психологиялық және эмоционалдық — негізгі мәселенің бірі болып табылады.
Тренингтің «Ашық микрофон», «Қауіпсіз балалықтың суреті» және «Шекара сызығы» жаттығулары ата-аналарға балалық шаққа өз балаларының көзімен қарауға мүмкіндік берді. Қарапайым көрінетін тапсырмалар арқылы қатысушылар қауіпсіздіктің тыйымдар мен қадағалаудан емес, жасөспірімнің сезімдерін тыңдай білу, қабылдай білу және оның жеке кеңістігіне құқығын мойындаудан басталатынын түсінді
Мұндай кездесулердің ең толғандырғыш бөлігі — пікір алмасу сәті. Ата-аналар өз ойларымен, күмәндерімен, тәжірибелерімен бөліседі.
Және ортақ қорытындыға келеді: сенімді қарым-қатынас — бұл күнделікті еңбек, ол сабырды, эмпатияны және құрметті талап етеді.








