11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған, Қарабалық ауданы М. Сералин атындағы мектепте өткен тренингтің басты мақсаты – ҰБТ-ға дайындықтың күрделі кезеңінде балаларға эмоционалдық қолдау көрсетуді және психологиялық тұрақтылықты сақтауды үйрету болды.
Емтихан – тек түлектер үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де үлкен күйзеліс. Сондықтан дәл осы кезеңде баланың жанында қалай дұрыс болу керектігін білу маңызды: алаңдаушылықты күшейтпей, керісінше, сенім ұялата білу
Ата-аналар өздерін толғандырған жағдайларды талқылап, балаларын тыңдап, қолдауға көмектесетін практикалық тәсілдерді меңгерді. Жаттығулар мен өмірлік мысалдар арқылы олар шынайы жылы әрі сенімді қарым-қатынастың қалай қалыптасатынын көрді
Мұндай кездесулердің маңызын асыра бағалау қиын. Олар:
ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді нығайтуға;
оқушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға;
балалардың өз күшіне сенуіне және тірек сезінуіне ықпал етеді.
Бала – отбасы мен мектептің бірлескен еңбегінің жемісі. Ересектер бірлесе әрекет еткенде, жасөспірім қолдауды, тыныштықты және жетістікке деген сенімді сезінеді. Ал бұл – болашақ табыстың ең мықты іргетасы!








