Науырзым ауданына қарасты Буревестник орта мектебінің әлеуметтік-психологиялық қызметі мен педагог-психолог Ребеко Е.С. ата-аналармен профилактикалық кездесулер өткізді. Кездесу барысында балаларға қатыгездік танытпау, жасөспірімдердегі депрессия және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыптары қозғалды.
Шара ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және облыстық деңгейдегі «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тақырып ауқымды болғандықтан, айтылған ақпарат та мол болды. Кездесуде зорлық-зомбылық, қатыгездік, агрессия және вандализм секілді өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, мәдениетті, қоғамдық әдепті, төзімділік пен жақынға деген сүйіспеншілікті жоққа шығаратын іс-әрекеттер мен мінез-құлықтар қарастырылды.
Ата-аналармен бірге «жауапкершілік» ұғымын кеңінен талқылап, баланы тек жауапты емес, сонымен қатар еңбекқор, саналы әрі мейірімді етіп тәрбиелеу – бірінші кезекте ата-ананың міндеті екені еске салынды.
Сонымен қатар, отбасындағы «психологиялық микроклимат» туралы да әңгіме қозғалып, ата-аналарға баламен қарым-қатынаста ымыраға келуді, оны сол күйінде қабылдай білуді үйренуге көмектесетін жағдайлар талданды. Мұндай жұмыс – отбасында жанжалсыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді деп сенеміз.
Осындай кездесулер ата-аналар үшін дәстүрлі әрі маңызды алаңға айналды – мұнда олар тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісіп, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге қажет жаңа мәліметтер алады.
Баланы тәрбиелеу – өте маңызды іс. Өйткені біз тек баланы ғана емес, ертеңгі ел азаматын тәрбиелеп отырмыз!