Біздің Орталық мамандарының біліктілігін арттыру курстарының екінші оқыту модулінің тақырыбы – шектеуші нанымдармен жұмыс жасау болды. Айта кету керек, бұл тақырып қызметкерлердің тиімділігін арттыру үшін маңызды, өйткені ол олардың әлеуетін ашуға және ішкі кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді.
Спикер – бизнес-тренер, сертификатталған коуч, психолог және Астана қаласындағы «Харизма» оқыту және дамыту орталығының серіктесі Ирина Гиниятова. Ол шектеуші нанымдарды анықтау мен түрлендіруге, сондай-ақ қолдаушы ресурстарды дамытуға арналған қажетті теориялық негіздер мен практикалық құралдарды ұсынды.
Практикалық бөлімде біздің психологтар шектеуші нанымдардан арылу алгоритмін пысықтады. Спикердің айтуынша, бұл «өзін-өзі талдау дағдыларын және когнитивтік қайта құрылымдау қабілетін жақсартады».
Сабақтан кейін қызметкерлер жаңа құралдарды жұмысында қолдануға дайын екендіктерін атап өтті. Бұл өз кезегінде олардың клиенттеріне жеке шектеулерін еңсеруге көмектесуге мүмкіндік береді. Керемет нәтиже!







