Науырзым ауданы Дәмді орта мектебінде педагог-психолог Л.М.Айдарбекова 5–7 сынып оқушыларына арналған «Өмір қымбатсың маған» атты тренинг өткізді. Іс-шара біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тренингтің басты мақсаты – оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, оның құндылығын ұғындыру, сондай-ақ қиын және жанжалдық жағдайлардан шығу дағдыларын үйрету.
Қатысушылар өз-өздеріне сенімділіктерін арттыру, жеке күшті жақтарын анықтау және ұжымдағы бірлікті нығайтуға бағытталған практикалық жаттығулар орындады. Ерекше назар достық атмосфераны қалыптастыруға және бір-бірін қолдауға аударылды.
Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, айналадағы адамдармен өзара түсіністік пен мейірімділіктің маңыздылығын талқылады. «Біз бақыттымыз, өйткені тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Алда бізді жаңа жетістіктер күтіп тұр!» – дәл осындай көңіл-күймен қатысушылар іс-шараны аяқтады.