Осындай тақырыптағы тренингтік сабақ Б. Майлин ауданының Николаев орта мектебінде сәтті өтті. Оны педагог-психолог А.Ж. Аманжолова мектебіміздің ПҚ жұмысы және біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырды.
Іс-шара бірнеше мақсатты көздеді: тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, ата-аналық қамқорлықтың маңыздылығы мен орынды болуын ұғындыру, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға ынталандыру.
Педагог-психолог қатысушылармен түрлі тренингтік ойындар мен сергіту жаттығуларын жүргізді. Олар өз-өзіне деген эмоциялық көзқарасты түзетуге және айналасындағылармен қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытуға көмектесті.
Ата-аналардың пікірінше, тренинг оларға ұнады, ең бастысы – олар үйге жақсы көңіл-күймен оралды!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg