Амангелді ауданындағы мектептерде психологиялық қызметтер түрлі іс-шаралар өткізуде. Атап айтқанда, бұл жұмыстар біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында да жүргізілуде. Жобаның мақсаты – оқушылардың ата-аналарына психологиялық сауаттылықты арттыру.
Мысалы, жақында Амангелді жалпы орта мектебінде педагог-психолог Г.К. Сұлтанова 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Мен баламның тағдырына алаңдаймын…» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмаған балалар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Қатысушылармен қазіргі кезде кең таралған зиянды әдеттер туралы пікір алмасты. Негізгі назар ата-аналардың өз балалары немен айналысатынын, неге қызығатынын білуі керектігіне аударылды. Ересектер баласының ішкі әлеміне үңіле алуы ғана емес, оны зиянды және қауіпті нәрселерден дұрыс қорғай білуі қажет екені айтылды.
Кездесу нәтижелі өтті. Іс-шара соңында ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастырылып, теріс ойлар мен қорқыныштан арылуға көмектесетін релаксация сеансы өткізілді. Айта кетейік, мұндай кездесулердің маңызды бөлігі де – осы!
Ал А. Нұрманов атындағы мектепте ата-аналармен отбасылық құндылықтар жайлы сөз қозғалды. Педагог-психолог Ж.Г. Сарманова кездесуді диалог түрінде өткізіп, қатысушылар тәрбиелеу тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, балаларының қызықты қылықтарын айтып, осындай іс-шараларға жиі қатысқылары келетіндерін білдірді.
Ата-аналардың көңіл-күйін көтеру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту, әдістемелік көмек көрсету мақсаттары ойдағыдай жүзеге асты деп ойлаймын!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg