Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияда оқушылардың жас ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін ескере отырып, жүйелі түрде психологиялық қолдау көрсетілуде. Оқу орнының психологиялық қызметі әрбір бала үшін қолайлы, қауіпсіз және қолдау көрсететін орта қалыптастыру бағытында жұмыс істейді.
Атқарылған жұмыстар:
5-сыныптар – «Бейімделу кезеңдері» тренингі және «Социометрия» әдісі. Тақырыптар: буллингтің, кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу.
6–8-сыныптар – тренингтер мен диагностикалық сабақтар.
Жасөспірімдердегі өзгерістер, буллингтің, аутоагрессияның, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке шекара ұғымы сияқты тақырыптар талқыланды.
9–11-сыныптар – келесі тақырыптар бойынша жұмыс жүргізілді: «Емтихан кезінде өзін-өзі бақылау», «Агрессияны басу», «Дұрыс тыныс алу».
Сонымен қатар, оқушыларға жеке кеңестер мен диагностикалық тесттер өткізілді.
Уақытылы көрсетілетін психологиялық қолдау балаларға үйлесімді дамуға және қиындықтарды сенімді түрде еңсеруге көмектеседі. Сондықтан әрбір оқушыға ашықтық пен назар аудару – әр педагогтың, әр оқу орнының басты басымдығы!