Осындай жүрекке жылы атаумен Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг өтті. Іс-шара мектептің психологиялық қызметі және облыстық жобамыз – «Отбасылық клуб» аясында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өтті.
Тренингтің мақсаты – ата-аналарға баласын тереңірек түсінуге көмектесу, өзара құрметке, қабылдауға және қолдауға негізделген сенімді әрі тұрақты қарым-қатынас орнатуды үйрету.
Кездесу барысында қатысушылар мынадай тақырыптарды талқылады:
Айқайсыз және жазасыз тәрбиелеу – тәртіпке баулудың балама әдістері;
Жасөспірім кезеңіндегі баламен сенімді байланыс орнату жолдары;
Эмоционалды интеллектті дамыту – отбасындағы үйлесімді қарым-қатынастың кілті.
Ата-аналарға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, кейін ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу жүргізілді.
Тренинг соңында қатысушылар отбасыда жағымды ахуал қалыптастыру тәсілдерін меңгеріп, сүйіспеншілікке, түсіністікке және сенімге негізделген тәрбиенің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар бізге отбасының – баланың басты тірегі екенін және әрбір ересектің ол үшін арқа сүйер жан, дос әрі өмірлік жол көрсетуші бола алатынын еске салады!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg