Қарасу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте өткен тренингтің негізгі мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту және балалық пен жасөспірім кезеңіндегі психикалық денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру. Іс-шара мектептің психологиялық қызметі және біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тренинг бағдарламасында:
Қатысушылармен танысу және ашықтыққа бағытталған жаттығулар: «Танысу», «Ілтипат», «Алақан».
Әр ата-ана өз көңіл күйіне сай гүлдің бір күлтесін таңдап, оған есімін жазып, «Мен ойлаймын», «Мен сезінемін» деген тіркестер арқылы өзін таныстырып, пікір білдірді.
«Бала психологиялық денсаулығы» атты бейнеролик көрсетіліп, оны бірге талқылау өтті.
Баланың дамуына әсер ететін шексіз ата-аналық махаббаттың маңыздылығы туралы дәріс оқылды.
Іс-шара соңында ата-аналарға «Балалардың психикалық денсаулығы» атты пайдалы кеңестер қамтылған жадынама таратылды.
Қорытынды: тренинг сәтті өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Көптеген ата-аналар мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізілуіне қызығушылық танытты.
Балаңыздың психикалық саулығына қамқор болу – оның болашағына қамқор болу!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg